Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында тапсырылған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында жиын болып өтті. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру бойынша ақпараттық түсіндіру жөнінде мәжіліске әлеуметтік медицина сақтандыру қоры Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Бейсенбаев Асхат Асанұлы, Түркістан қалалық емхананың бас дәрігері Оспанова Жанар Мықтыбекқызы, Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев және білім беру ұйымдары басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиналыстың күн тәртібінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру туралы мәселе қаралып, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Бейсенбаев Асхат Асанұлы баяндама жасады. Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар жолданып, тиісті жауаптар берілді. Сондай-ақ аталған делегация аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мәжілісте міндетті медициналық сақтандыру жүйесі түсіндірілді
Жарнама орны (6) |