Түркістан қаласы жаңа техникалармен толықты

Screenshot_10.jpg

Күні кеше Түркістан қаласы жаңа техникалармен толықты. Түркістан қаласының тазалығына, жол жөндеу жұмыстарына арналған заманауи талапқа сай 34 арнайы көлік жауапты бөлімдерге үлестірілді. Бұл үшін жергілікті бюджет есебінен жалпы құны 779 млн 470 мың 870 теңгені құрайтын қаржы жұмсалған.

Шаһар басшысы Рашид Аюпов жаңа көліктермен танысып, сала мамандарының жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, түркі әлеміндегі қарашаңырақтың тұрғындары мен тарихи мекенге саяхаттап келген туристерге жайлылық сыйлауға деген талап жыл сайын артып жатқанын атап өтті.

«Түркістан жол қызметі» КММ директоры Сабыр Досжановтың мәліметіне сүйенсек, мекеме меншігіне су жаңа 3 техника берілген. Атап айтқанда, қалаішілік жолдарға ағымдағы жөндеуді қажет ететін жұмыстарға арналған Беларус-82.1 тракторы, кран-манупулятор көлігі, өзі аударғыш жүк машинасы. Мекеме басшысы алдағы уақытта функцинолдық міндетіне кіретін жол белгілері мен жарықшам бағаналарын ауыстыруға, бағдаршамдарды орнатуда таптырмас құралға айналарына сенімді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды