Түркістанда «BASTA» жас кәсіпкерлер форумы өтті

Screenshot_1.jpg

Алғаш рет Түркістанда «Жас кәсіпкер» жобасының тыңдаушылары өңірдің табысты кәсіпкерлерімен «Basta» алаңында бас қосты. Форумға қатысушылар өздерінің қателіктерімен және табыс жолдарымен бөліскен нақты кәсіпкерлермен танысып, пікір алмасты. Кездесуді ашқан шараның модераторы, облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Берік Кенжебаев өңірде бизнеске қызығушылық танытатын белсенді жастар көп екенін, сондықтан оларды қолдау қажет екенін атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, биылғы жыл «Жастар жылы» болып жарияланды, «Атамекен» осы бағытта көптеген жобаларды жүзеге асыруда. Соның бірі – «Жас Кәсіпкер» бағдарламасы. Бұл бойынша облыста 1596 түлек білім алды. Мұндай жобалар жастардың кәсіпқойлығын арттыруға, бизнес ашуға және ел экономикасына лайықты үлес қосуға септігін тигізетініне сенімдімін», – деді Берік Кенжебаев.

Спикерлер қатарында «Шабыт» шеберханасының жетекшісі – Гульшарат Жубанова, «Global coffee» кофе-бар желісінің қалаушысы Мақсат Аманмурадов, Жас кәсіпкер, өсімдік-шаруашылығы маманы, жас-ғалым Әбдраман Ерсұлтан, «Шаңырақ» ұлттық тағамдар желісінің қалаушысы, жас кәсіпкер Алипова Ақерке, Chaplins компаниясының жетекшісі Тоқтар Алимбеков секілді жас болса да өз кәсібін жүргізіп отырған азаматтар  жастармен пікір алмасып, қоғаммен байланыс жасау жолы және кәсіби өзін-өзі тану мүмкіндігі және де кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан несие алу және түрлі бағдарламаларды тиімді пайдалану туралы өздерінің тәжірбиелерімен бөлісті.

Жастар өз бизнесін бастапқы капиталсыз қалай бастауға, қандай салада кәсіпкерлікпен айналысу жақсы және жас бизнесмендерге мемлекет қандай қолдау көрсетуде деген сынды сұрақтарға қызығушылық танытты. Спикерлер келіп түскен сұрақтарға толық жауап беріп қана қоймай, ең қызықты сұрақтарға сыйлықтар да берді. Қатысушылар форумның жоғары өнімділігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға жаңа кеңестер мен ынталандыру мүмкіндіктері үшін алғыс білдірді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды