Жыл басынан бері Қазақстаннан 30 мыңнан астам адам көшіп кетті

536887.jpg

Ал елге көшіп келгені 7 мың 420 адам (8 мың 426), деп жазады "Интерфакс-Қазақстан" таратқан ақпаратқа сүйенген kursiv.kz.

Осылайша, 2019 жылғы қаңтар-тамызда республикада теріс көші-қон сальдосы 23 мың 867 адамды құрады.

2019 жылғы тамызда Қазақстан халқы 18,6 мың адамға көбейді және 1 қыркүйекте 18 млн 547,5 мың адамды құрады, деп хабарлайды комитет.

Қазақстан халқының табиғи өсімі қаңтар-тамызда 175 мың 776 адамды құрады (2018 жылғы қаңтар-тамызда - 173 мың 709 адам).

Елдегі демографиялық жағдайдың өзге сипаттамаларына сай, тиісті уақытша көрсеткіштер мынау: бала туу - 265 мың 286 (261 мың 723), өлім - 89 мың 510 адам (88 мың 14).

Статистика комитеті сонымен қатар қаңтар-тамызда республикада 89 мың 510 неке (88 мың 931) қиылды деп хабарлады.

Алайда қаңтар-тамызда 40 мың 21 ажырасу тіркелді (36 мың 815).
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды