Атырау облысында полицей адам қағып кетіп, оқиға орнынан қашқан


Атырау облысында полицей адам қағып кетті, - деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 13 қазанда Исатай ауданындағы Зинеден ауылындағы автожолда болған. Аудандық полиция бөлімінің қызметкері жұмыстан тыс уақытта Audi А6 маркалы көлігін басқарып, адам қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол апаты салдарынан 25 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр", - деді полицейлер. Қазіргі уақытта жүргізушіні қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қаралып жатыр.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды