Көмектен кәсіпкерлер де шет қалған жоқ

72700840_982735658726144_1373871746347696128_o.jpg

Арыс қаласында оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстан зардап шеккен кәсіпкерлер мемлекет қамқорлығынан шет қалған жоқ.   

-«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, ел басына түскен бұл ауыр жағдай қабырғамызды қайыстырса да, сағымызды сындырмады. Бүгінде тоғыз жолдың торабы атанған Арыс қаласының ажары мен көркі күннен күнге артып келе жатқанына баршамыз куәміз.

Арыс қаласында жалпы кәсіпкерлік нысандардың саны 556, ал зақымданғаны 480, оның ішінде тойхана 20, сауда орындары 27, дәмхана (кафе) 45 және халыққа кызметін ұсынып отырған басқада 388 бизнес-нысан бар. Арыстағы кәсіпкерлерге көмек көрсету бойынша бірде-бір арыстық кәсіпкер назардан тыс қалмады. Арыс кәсіпкерлеріне қолдау көрсету үшін "Бизнес бизнеске көмектеседі" жобасы іске қосылып, оның аясында Қазақстанның ірі компаниялары зардап шеккен кәсіпкерлерге қаржылай көмек көрсетті,-деп хабарлады Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Арыс қаласы тұрғындарына кәсіп ашып, экономикалық және әлеуметтік жағдайын дамыту мақсатында жұмыс жасап жатқан «Қамқор» бағдарламасы шағын несиелер беруін жалғастыруда.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды