Отырарда "Музейлер шеруі" өтті


Музей құндылықтарына деген халықтың ықыласын арттыру, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды.

Шарада сөз алған Отырар ауданының әкімі Әбдіғали Жүнісов және мекеме директоры Сапар Көзейбаев «Музейлер шеруі» акциясы арқылы мәдениет ұйымдары ұлттық мәдени мұраның қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздеп отырғандығын айта келе, іс-шараға қатысушыларға ризашылықтарын білдірді.

DSC08118.JPG

Мерекелік іс-шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында музей қорындағы ат әбзелдермен жабдықталған «Қазанат – қазақтың қасиеті» тақырыбындағы көрме таныстырылып, атқа міну көрінісі көрсетуден бастау алды.

Қыш құмыра өнерін меңгерудің қыр-сырын көрсету барысында құмырашы Жанұзақ Ерімбетовтың шеберлік сабағын тамашалаумен жалғасын тапқан көріністер көрермендердің қызығушылығын тудырды. Ауыл жастарының «Этно-кешенде» алтыбақан теуіп, ән шырқағаны мерекелік кешті қыздыра түскен сәттерінің бірі болды.

Тұңғыш Президенттіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Домбыра - қазақтың жаны» деген сөзі бүгінгі көріністерге арқау болып, музей қорындағы домбыралар топтамасынан құралған көрме де көпшілікке таныстырылды.

DSC08208.JPG

Ауыл сыртында от жағып, домбырада асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен жастардың «домбыра думан» кеші ғажайып аспаптан қазақтың үнін естіп, қазақтың рухын сезінген көрермендер ұлттық дәстүрге ерекше құрмет көрсетіп жатты. 

Анимациялық фильмдер балалардың көңілінен шығып, іс-шараның тақырыбы аясында қойылған викториналық сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарға ие болды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі