МӘМС: жаңа жүйені алдымен учаскелік дәрігер мен медбике білуі тиіс

1e3f6002b830fc6fb20075080514e763.jpg

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) мен МӘМС қызметтері барлық адамдарға 1 қаңтардан 1 сәуірге дейін үш ай халыққа тегін көрсетіледі. Өйткені МӘМС жүйесі бойынша қызмет алу үшін соңғы үш айдың төлемі болуы керек. Үш айдың міндетті жарнасын төлемей дәрігерлік көмек ала алмайды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысына келген сапарында осы аталған жүйені түсіндіріп берді.

-18 млн. тұрғынның бәрінің жалпы практик дәрігерлері бар. Солар заң қаңтардан бастап қолданысқа енгеннен кейін де алдына келген адамдарға, өздеріне бөлінген учаскелеріндегі үйлерді аралағанда жыл соңына дейін пациенттеріне түсіндіруі керек. Солай біз осы жылдың соңғы айларын қосқанда 6 айды тиімді пайдаланып, халыққа жеткізуіміз қажет. Рас, екі жылдан бері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Дегенмен, адамның жаратылысы сондай, басына түспесе, ойланбайды. Олай болмаса, хабары жоқ адамдар емханалар мен емдеу мекемелеріне келгенде түсінбеушіліктер туындауы мүмкін. Сол кезде бәрі заң аясында шешілуі тиіс болғандықтан мәселе қиындайды. Бірақ, МӘМС пен ТМККК пакеттерін ең алдымен учаскелік дәрігер мен медбике біліп, жете түсініп, ажырата алатындай болуы шарт. Осы бағытта министрліктің арнайы бұйрықтарын шығарып, штаб құрдық. Қазан айынан бастап республика бойынша медицина мамандарының бәрін оқытуды қолға алдық. Медициналық көмектің пилоттық жобасы Қарағандыда іске қосылғанын білесіздер. Сол жерге барып үйренуге болады. Бүгінде басқа бір дәрігер алдына ауырып барған адамға ем шараларын тағайындаса, көп жағдайда ол есепке кірмейді. Қазір түрлі диагностика, емдеу технологиялары қызметтерінің бәрінің кодтары бар. Сондықтан біз бәрін компьютер арқылы есепке алуымыз, санауымыз, ақпараттық жүйеге ендіруіміз қажет. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан үрдіс. Заманауи медицинада бәрі есепке алынуы керек,-деді министр.  


 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды