Медицинаны қаржыландыру 60 пайызға ұлғаяды

Kokpektinskaya_CRB_Vnedrenie_OSMS_05-01-2018.jpg

-2000 жылы астанада өткен І дәрігерлік съезде Елбасы «медициналық сақтандыру мәселесін дұрыстап сүзгіден өткізіп қарайық» деген болатын. Сол кезде сәтсіз аяқталған алғашқы медициналық сақтандырудың тоқтағанына үш жыл болған еді. 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада да әлеуметтік сақтандыру қайта қаралды. Өйткені біз тек мемлекеттік бюджетке сүйеніп өмір сүре берсек, әрі қарай медицина дамымайды. Басқа ресурстарды да қарастыру қажет болды. МӘМС жүйесі осылай ұзақ талқыланып барып туындады,-деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жуырда Түркістан облысына келген сапарында. Өңірдегі медициналық мекемелерді аралап, қызметкерлермен, журналистермен жүздесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы сауалдарға жауап берген министрдің айтуынша, 2025 жылға дейін мемлекет тарапынан және сақтандыру қоры есебінен медицинаға жұмсалатын қаржы көлемі екі есеге артады. Бұл көп мүмкіндіктерге жол ашады. Табысымыз артып, жалақыларымыз көбейген сайын сақтандыру қорына қаржы көбірек түсе бастайды. Өйткені жарна мөлшері жыл санап көбейеді. Егер біз еліміздің тұрақты дамуын ойласақ, тезірек МӘМС жүйесіне көшуіміз қажет. 

-Әрине, қанша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп жатсақ та әлі де көп азаматтарымыз түсінбейді. Бірақ, солай екен деп әрі қарай соза беруге болмайды. Расын айтуымыз керек, бұлай етпесек, отандық медицинамыз тұралап, көп жағдайда дәрі-дәрмектер жеткізілмей қалады. Айлық жалақыларды көтеру мүмкін болмайды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесін іске қоссақ, бір жылдың өзінде медицинаға бағытталатын қаржы 60 пайызға ұлғаяды. 600 миллиард теңге! Оны қайда жұмсау қажеттігін жоспарлап отырмыз,-деді Е.Біртанов.  



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды