Осы жылдың 30 сәуірінде "Жасыл офис" республикалық конкурсының
басталуы туралы» баспасөз-брифингінен кейін еліміздегі экологияға үлес
қосқысы келетін жандар дайындыққа кірісіп кетті.
Байқауды "Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы" ЗТБ
ұйымдастырды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі,
Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы
бағдарламалар офисі қолдау білдірді.
Мақсаты - жұмыс орнының, тұрмыстағы экологиялық жайлылық деңгейін
көтеру үшін озық "жасыл" технологияларды насихаттау, тарату.
Халық арасында "жасыл" ойлауды қалыптастыру, экологиялық жауапты
компаниялардың жоғары имидждері мен брендтерін қалыптастыруға
жәрдемдесу. "Жасыл" кеңселердің жаппай таралуы ТДМ-2030-ға қол
жеткізуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі жетекшілік ететін "Планета" тобының
құзыретіне кіретін 6, 12, 13 мақсаттар бойынша қомақты үлес қосады:
"Жасыл офис" идеясы - бұл тұрғын үй-жайларда адамдарға жақсы
жағдайлар жасалуы мен жылжымайтын мүлік объектілерінің ішінде орын-жайды
пайдалану және өндірістік қызмет нәтижесінде ортаның ластануын азайтуды
барынша экологияландыру.
Конкурс үлкен қоғамдық резонанс тудырып, ірі қатысушыларды – өнеркәсіп, ірі және орта бизнес өкілдерін тартты. Әсіресе экологияландыру мен "инновациялаудың" жаңа дәстүрлеріне, экология мен қоршаған ортаға достық қарым-қатынасқа бағыттайтын жоғары оқу орындарының, университеттердің, колледждердің студенттерінің қатысуы маңызды болды. "Жасыл офис" принциптерін енгізу- бұл көміртекті ізі төмен экологиялық, ресурс үнемдейтін және салауатты өмір салтына, жұмыс қабілетін еселеп, еңбек өнімділігін арттыруға, аурушаңдықты төмендетуге нақты көшу. Бұл қызметкерлерге, ұйым-үй-жайдың иесіне де өте тиімді болмақ. Нормативтерге сәйкес ластанудың болмауы - бұл тек аралық мақсат. Жоғары мақсат-тұрақ жай ортасының сапасын барынша арттыру, үй-жайлардың экологиялық бағдарлы дизайнын ілгерілету. Байқаудың шаралары аясында коалиция түрлі шара-акция, дөңгелек үстел, семинар, кеңес өткізді, сондай-ақ "жасыл офис" қағидаттарына көшудің ұсыныстары дайындалды. "Жасыл офис" байқауы мен принциптерін көпшілікке тарату үшін Фейсбук әлеуметтік желісінде арнайып арақша ашылды, онда күн сайын пайдалы материалдар жарияланып отырды. Сондай-ақ, конкурстың жобалық тобы осы жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласындағы байқауға қатысушылардың нысандарына барып танысып, кеңес беріп қайтты.
"Жасыл офис" компанияның экологиялық саясатын қалыптастыру және
офистің ресурстарын үнемдеу бойынша техникалық және мотивациялық
шаралардың кешені деуге болады. Басқаша айтқанда,
эко-офис ғимараттың қаржылық шығындарын азайтып, қоршаған ортаны қорғау
принциптеріне сәйкес жұмыс істейді. Табиғи ресурстарды үнемдеу қаржылық
шығындарды қысқартатынын "Жасыл офис" бағдарламасын енгізген немесе
енгізуге кірісіп жатқан компаниялардың нақты деректері дәлел болып отыр.
Эко-офис электр энергиясын, су, қағаз, пластикке шығындарды азайтады. Экологиялық
ұйымдардың деректеріне сүйенсек, 30 қызметкері бар офис айына 100 мың
теңге, 200 қызметкері бар офис айына 350 мың теңге үнемдей алады...
Статистикаға сүйенсек, ірі ғимараттарға әлемдік энергияның 40%, электр
пайдаланудың 70% жұмсалса, қоршаған ортаға бөлінетін көмір қышқыл
газының 30% бөледі", - деді "Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы" ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер осы жылдың 1 мамырынан 20 қыркүйегіне дейін 10 номинация бойынша қабылданды:
1) Білім беру саласы;
2) Денсаулық сақтау саласы;
3) Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор;
4) Халықаралық ұйымдар мен өкілдіктер;
5) ШОБ;
6) Өнеркәсіптік кәсіпорындар;
7) Бизнес орталықтар мен сауда орталықтары;
8) Қызмет көрсету саласы;
9) Қаржы ұйымдары;
10) ҮЕҰ.
Конкурсқа қатысушылардан барлығы 62 ұсыныс келіп түсті. Байқау
комиссиясы жеңімпаз дипломдары мен «Green office» арнайы белгілерін
алатын 20 үздікті таңдап алды.
Жеңімпаздарды "Green office" арнайы белгілерімен және дипломдармен ҚР
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М. Мырзағалиев, ҚР
Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Қ.Мыңбай, ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы
бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Диана Дигол, "Жасыл экономика
және G-Global-ды дамыту Коалициясы" ЗТБ Басқарма төрағасы С. Т.
Рақымбекова марапаттайды.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
№ Номинациялар Өтінімдер саны Жеңімпаздар
1. Білім беру саласы (ЖОО, колледждер, мектептер, бала бақшалар және
тб.) 14 өтінім 1)№ 73 Нұр-Сұлтан қ. физика-техникалық лицейі
2) Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
3) Д. Серікбаев атындағы
Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
4) Түркістан жоғары аграрлық колледжі
2. Денсаулық сақтау саласы
(ауруханалар, емханалар, медицина орталықтары және тб.) 1 өтінім 1) Жамбыл облыстық қан орталығы
3. Мемлекеттік органдар (министрліктер, әкімдіктер, басқармалар және
тб.) және квазимемлекеттік сектор 12 өтінім 1) "Бәйтерек" Ұлттық
басқарушы холдингі" АҚ
2) "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" ЖШС
4. Халықаралық ұйымдар мен өкілдіктер 2 өтінім 1) БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
5. ШОБ 8 өтінім 1) PTC Decaux
2) "Қамқор Менеджмент" ЖШС
3) "Джей Ти Ай Қазақстан" ЖШС
4) "Жобалау Академиясы" KAZGOR ЖШС
6. Өнеркәсіптік кәсіпорындар 15 өтінім 1) «Еуразиялық топ» (ERG)
2) Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В
3) Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В Қазақстан филиалы
7. Бизнес орталықтар мен сауда орталықтары 4 өтінім 1) "The Boss media group" ҚБ, есеп компаниялар тобы
2) "ЖШС FZE.KZ" (ФЗЕ.КЗ)
8. Қызмет көрсету саласы (қонақ үйлер, сән салондары, спорт кешендері) 1 өтінім 1) "СААД-Отель" ЖШС
9. Қаржы ұйымдары (банктер, сақтандыру компаниялары және тб.) 1 өтінім 1) "Первое Кредитное Бюро" ЖШС
10. ҮЕҰ
4 өтінім 1) "Женский луч" Қоғамдық қоры
Барлығы: 62 өтінім 20 жеңімпаз
Ұйымдастырушылар аталған байқауды жыл сайын өткізуді ұсынып, Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай қорытындысын шығаруды жоспарлап отыр.