Бүгін
Н.Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейінде аса көрнекті мемлекет және
қоғам қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш дипломат, ғалым Нәзір
Төреқұловтың бюсті ашылды. Салтанатты рәсімде Созақ ауданының әкімі
Салыхан Полатов, Халықаралық «Нәзір Төреқұлов» қорының төрағасы
Әбдіжаппар Сапарбаев, Созақ ауданының Құрметті азаматы Қуаныш Aйтаханов,
«Парасат» орденінің иегері, ақын Исраил Сапарбай сөз алып, Нәзір
Төреқұловтың елге, ғылымға сіңірген еңбегі жөнінде кеңінен тоқталды.
Жиынға нәзіртанушы ғалымдар, жазушылар, Созақ ауданының Құрметті
азаматтары қатысты. Салтанатты рәсімнен соң биыл Нәзір есімі берілген
ІТ-лицей-мектептің ішінен ашылған мұражайдың лентасы қиылды.
Аудандық
«Мыңжылқы» мәдениет үйінде ғылыми теориялық конференция өтіп, онда ұлт
тұлғасын ұлықтайтын азаматтың өмірін бейнелейтін бейнебаян көрсетілді.
Жиынды жүргізген Халықаралық «Нәзір Төреқұлов» қорының төрағасы
Әбдіжаппар Сапарбаев дипломат ғалымның өміріне тоқталды. Ұлтымыздың
аяулы ұлы Нәзір Төреқұлов туралы филология ғылымдарының докторы,
профессор Ергөбек Құлбек, филология ғылымдарының докторы, профессор
Әлібек Сейдехан, Тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Хазретәлі
баяндама жасап, өміріне, шығармашылығымен еңбектеріне тоқталды.
Сондай-ақ, Созақ ауданының Құрметті азаматы Сексенбай Тұрысбеков,
Мыңжасар Асқаров құттықтау сөз сөйледі.
Айта кету керек, биыл аудан
орталығындағы Шолаққорған жалпы орта мектебіне Нәзір Төреқұлов есімі
қайта беріліп, ІТ-мектеп-лицейі болды.
Ұлт тұлғасы Нәзір Төреқұловтың есімі ұлықталды
Жарнама орны (6) |