Мұғалімдер біліктіліктерін арттырды


Еліміздің Білім және ғылым министрлігі тарапынан білімі беру саласында ұстаздардың біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Біліктілікті арттыру бағыты бойынша әр аймақта институттар жұмыс істейді. Алғашқы жылдары ұстаздар біліктіліктерін көтеру үшін облыс орталықтарына баратын. Қазіргі таңда аудан орталықтарында білім жетілдіру курстары бойынша оқу ұйымдастырылуда. Соның бірі Бәйдібек ауданының орталығындағы Шаян көп салалы лицей жалпы орта мектебінде кәсіби шеберлікті шыңдау оқуы өткізілді.
Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Назира Садірмекова бастауыш сынып мұғалімдеріне дәріс оқыды. Он бес күнді қамтыған оқу барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес дәріс алып, оны сабақта пайдалануды үйренді. Курс барысында мұғалімдер алған білімдерін жаңа оқу жылында тиімді пайдалануға қатысты өзара тәжірибе алмасты.
Біліктілікті арттыру курстары әсіресе ауыл мұғалімдері үшін жасалған зор мүмкіндік. Өйткені жаңашылдық – бүгінгі күннің басты талабы. Жаңартылған білім бағдарламасы ұстаздар қауымынан зор жауапкершілік пен үздіксіз ізденімпаздықты талап етеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды