Медиация мұғалімдердің де жұмыстарын жеңілдетеді


Бәйдібек аудандағы С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында медиация кабинеті ашылды. Оның ашылу рәсіміне аудандық соттың төрағасы Ермек Қарақұлов, аудандық білім бөлімінің басшысы Ақбала Құлымбет, мектеп директоры Қалзат Әпекова, медиатор Фатима Сейдахметова және бірқатар ұстаздар қатысты.
Аудандық соттың төрағасы Ермек Қарақұловмедиация кабинетінің ашылуымен көпшілікті құттықтап, сотқа дейінгі медиацияны іске асырудың өзектілігі мен тиімділігін түсіндіріп, оны халыққа кеңінен насихаттаудың маңыздылығын айтты. Мектептерде медиацияны дамыту, оқушылар арасындағы даулы жағдайларды шешу мен мектептегі қарым-қатынастарды реттеу туралы, еңбек дауларының алдын алу және еңбек дауы туындаған жағдайда дауды соттан тыс немесе сотта татуластыру рәсімдерін қолдана отырып шешудің тиімділігін жеткізді. Сонымен қатар, «Медиация туралы» заңды жүзеге асыруда өзара ынтымақтасып жұмыс жасау қажеттігін атап өтті.
Жиынға қатысушылар мектеп медиациясын дамыту мұғалімдердің жұмысын жеңілдететінін, даулардың мектеп қабырғасында шешімін табуға және медиацияны кең ауқымда насихаттауға мүмкіндік беретінін айтып, өзара пікір алмасты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды