9 ай жұмысы талданып, қысқа дайындық пысықталды

Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының кеңейтілген мәжілісінде жыл басынан бергі 9 айда атқарылған жұмыстар талқыланып, қысқа дайындық мәселелері пысықталды. Жиынға аудан әкімі Бақытбек Танагөзов төрағалық етті. Бұл туралы аталған әкімдіктің баспасөз қызметі хабаралады.
Мәжілісте «Аудан бюджетінің 2019 жылдың 9 айындағы болжамының орындалуы» және «2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің биылғы жылдың 9 айына белгіленген межелерінің орындалуы» туралы Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мейрамкүл Тұрымбекова, «2019-2020 жылдарға жылыту маусымына дайындық барысы» жөнінде Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Руслан Нұрымбетов, «Аудан көлемінде бірыңғай жиынтық төлемнің төленуі туралы» аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрдәулет Диханбаев хабарламалар жасады.
Бұл мәселелер бойынша ауыл әкімдерінің пікірлері тыңдалып, тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, мәжілісте Түркістан қаласын абаттандыру мақсатында тапсырылған жұмыстардың атқарылуы бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрсұлтан Тұрсынбеков есеп жасады.
Мәжілісте аудан әкімінің орынбасарлары Нұрғали Айтбеков, Айкен Темір және аппарат басшысы Берік Тұрғынбеков күн тәртібіне қатысты өз салалары бойынша ұсыныс-пікірлерін айтты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды