Атаулы
әлеуметтік көмек алып, өз кәсіптерін ашып, жұмыстарын бастап кеткен
отбасылар Бәйдібек ауданында аз емес. Олар шағын болса да өз кәсібін
ашып, игілін көріп келеді. Сол атаулы әлеуметтік көмек алғандардың бірі –
Бәйдібек ауданы Алғабас ауылдық округіне қарасты Таңатар ауылының
тұрғыны Ержан Құдайбергенов.
Мемлекеттен берілетін жәрдемақының
жайын естіген Ержан Полатұлы әйелі екеуі ақылдаса келе аудандық жұмыспен
қамту орталығына келіп, өтініш білдірген. Бұл отбасыға үй құстарын
асырап, оны дамыту үшін 1 млн 300 теңге қаржы тағайындалған.
Алғашқы
тағайындалған 362 мың теңге қаржыға көршілес Сайрам ауданындағы
Қарабұлақ елді мекенінен 80 бас үндік тауық сатып әкелген. Қазір таңда
сатып алған тауықтарына уақытылы азықтарын беріп, ауырғандарына
дәрілерін егіп, бағып қарауда. Мемлекеттен көмек алған бұл отбасы
бұйыртса үндік тауықтың басын әлі де көбейтіп, бұл кәсіпті одан әрмен
дамытуды көздеп отыр. Отбасында 6 жан бар Құдайбергеновтердің жаңадан
қолға алған кәсібіне кішкентай балалары да бейімделуде екен. Олар бос
уақыттарында құстарды жайлауға шығарып бағады.
Атаулы әлеуметтік көмек алып кәсібін ашты
Жарнама орны (6) |