Түркістан облысының теріскейінде орналасқан алып ауданда шаруалар
ағымдағы жылдың жеті айында 6 млрд. 336 млн. 700 мың теңгенің өнімін
өндірген. Бұл туралы таяуда, қыркүйек айының соңғы сәрсенбісінде өткен
аудандың мәслихаттың кезекті 45-інші сессиясында мәлім болды.
– Аудан
бойынша 2019 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім
көлемі 6 млрд. 336 млн. 700 мың теңге болып, нақты көлем индексі 101,3
пайызға орындалды, и – деді депутаттардың алдында аудандағы атқарылған 7
айдың жүмыстары туралы баяндаған аудан әкімінің орынбасары Бекзат
Әлмағанбет.
Әкім орынбасарының есепті баяндамасында жария етілген
деректерге сүйенсек, биыл бекітілген жоспар бойынша аудан аумағында 12
мың 100 га егістік жер игеру межесі белгіленген екен. Дегенмен, егілген
өнім белгіленген меже мөлшерінен асыра орындалған. 13 мың 54 гектар
алқапқа егіс егілпті. Оның ішінде игерілген суармалы жер 5 мың 400
гектарды құрайды.
Созақта ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны 6 миллиардтан асты
Жарнама орны (6) |