Созақ балаларының барлығы балабақшамен қамтылған

Созақ ауданында 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 99,7 пайызы балабақшаға барады. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Бекзат Әлмағанбет аудандық мәслихаттың кезекті 45-інші сессиясында хабарлады.
– Ауданда 40 мектепке дейінгі ұйым 35-і балабақша, 5-і шағын орталық тіркелген. Олардың 17-сі мемлекеттік, 18-сы жекеменшік балабақшалар. Мемлекеттік балабақшаларда – 2427 бала, жекеменшік балабақшаларда – 1513 бала, шағын орталықтарда 170 бүлдіршін тәрбиеленуде. Жалпы ауданда қамтылуы тиіс 3 пен 6 жастағы балалар саны 4701 болса, олардың 3150-і балабақшамен қамтылып, қамтылуы 99,7 пайызды құрап отыр, – деді ол.
2019 жылы аудан мектептерін бітірген 689 түлектің 556-сы ҰБТ тапсырып, нәтижесінде аудан көрсеткіші 65 балды құрады. 54 оқушы «Алтын белгі», 34 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды.
Аудан мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында лагерге аудандық бюджеттен 37 млн 700 мың теңге қаржы қаралып, оған аудан мектептерінен 500 бала тегін, 900 бала ақылы жолдама арқылы, яғни барлығы 1400 оқушы 5 ауысым бойынша демалды.
2019 жылы ауданда білім саласына бөлінген қаржы көлемі 8 млрд. 745 млн. 890 мың теңгені құрады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды