Биылғы жылы «Қостұра», «Теректі», «Орта Сүңгі» демалыс орындарына
күннен қуат алатын қондырғылар орнатылды. Сырдария-Түркістан мемлекеттік
өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалының туризм маманы Әмірәлі
Егізбаевтың айтуынша, демалыс аймағын туристер мен демалушылардың
талабына сай жабдықтау жұмыстары алдағы кезде де жалғасын табатын
болады.
Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парктің аумағы 4
функционалдық аймаққа бөлінген. Олар – қорықтық, экологиялық, туристік,
шектеулі шаруашылық қызмет аймағы. Боралдай филиалының инспекторлары
осы аталған аймақтар бойынша табиғатты қорғаудың ережелеріне сай қатаң
қадағалайды.
– Біз өзімізге бөлінген аумақты қарауылдап, қадағалау
жөніндегі кәсіби міндетімізді жауапкершілікпен атқарудамыз. Дәл қазіргі
жаз маусымында туристік аймақтарға ерекше көңіл бөлінген. Аудан
аумағында Борлысай аумағында «Орта Сүңгі», «Шұқыршақ», Бәйдібекатада
«Теректі», Төменгі Боралдайда «Қостұра», Жоғарғы Боралдайда «Ақбастау»
демалыс аймағы бүгінде келушілерге қызмет көрсетуде. Демалушылар мен
туристерге ағаштан жасалған үйшіктер, қазақы киіз үй, жаздық сәкілер
қойылған, – дейді Ә.Егізбаев.
Күннен қуат алатын қондырғылар орнатылды
Жарнама орны (6) |