Ауылда қаладан тапсырыс қабылдайтын шеберлер

Бәйдібек ауданының Қазата ауылында темірден түйін түйіп, кесібін кеңейткен Молжігітовтер отбасындағы ағайынды Нұржігіт, Нұрғиса, Нұрқанат бүгінде «Ауылда жұмыс жоқ қой» деп Алматы, Астанаға барып, тіпті шетел асып кететін жастарға үлгі болатын азаматтар. Ағайындылардың ауылда жасаған бұйымдары Алматы, Астана, тіпті көрші Өзбекстанда да сұранысына ие.
Бүгінде «Нұр-Асыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрған Молжігітовтер 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олардың екеуі Тастанбеков Мұхамедәли мен Еркеғали (суретте) көрікте қыздырылған темірден иіп, қажетті құрал-саймандарды жасаса, Қажығали Көшенов, Жанар Дербісәлиева, Нұрғиса Әнуарбекұлы дәнекерлеу, әрлеу, тасымалдау жұмыстарымен айналысады. Ал 10 отбасы тұрақты түрде наншәулі тоқиды. Кәсіптерінің қанаты қатайып, ауқымы кеңи бастаған ағайынды шеберлерге жазғы сәкі, үй тұрмысына қажетті қоларба, балалар әткеншегі, желбесік, киімілгіш, аяқ киім мен гүл сөрелеріне тапсырыс берушілер көп. Шеберлер жасаған заттарын Шымкент қаласындағы «Алаш», «Қазына» сауда орталықтарына көтерме саудамен келісім бойынша тұрақты түрде өткізіп тұрады. Ендігі кезекте әлеуметтік желі арқылы сұраныстар қабылдаймыз деп жоспарлап отыр ағайынды жігіттер.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды