Бәйдібек
ауданының орталығы Шаян елді мекеніндегі мәдениет үйінде мүмкіндігі
шектеулі балалардың дәстүрлі «Жауқазын» ән-би байқауы өтті. Конкурсқа
қатысушылар туған жер, отан, ата-ана туралы әндер шырқап, байқаудың
бірінші кезеңінде би өнерінен жарысты. Екінші кезеңде еркін тақырыпта өз
өнерлерін ортаға салды.
Кейде он екі мүшесі сау адамның өзі игере
алмайтын қабілетті мүмкіндігі шектеулі бола тұра асыра орындайтын
жандарды көргенде таң қалып жататынымыз жасырын емес. Немесе олардың
асқан жігері мен таудай талабын көргенде барлық мүмкіндігіміз бола тұра
соны пайдалана алмайтынымызға ұялатынымыз да бар. Ал туылғаннан
тағдырдың сынағына ілінген кішкентай бүлдіршіндердің өнерін көргенде
көңіл түкпірінде аяушылық сезім мен ризашылық сезімнің арпалысқа түсері
тағы рас.
Байқаудың «Үздік орындаушы» номинациясы және «Үздік би»
аталымы бойынша бар өнерлерін паш етіп, қымсынбай ортаға салып
көпшіліктің алдына шыққан үміткерлердің барлығы шара соңында
дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
«Жауқазын» ән-би байқауы өтті
Жарнама орны (6) |