Жекеменшік мектеп тегін оқытады


Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекенінде алғаш болып жекеменшік мектеп өз жұмысын бастады. Мемлекеттік бағдарламаның серіктестік негізінде биыл 1 қыркүйекте оқушыларын қабылдаған «А.Арынбек ЖШС-нің» жекеменшік мектебі бастауыш сыныптарына арналған.
Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нұрғали Айтбеков, аудандық мәслихат хатшысы Мұқадас Нақыпбеков, білім бөлімінің басшысы Ақбала Құлымбет, ардагер ұстаз Мақұлбек Тілеубердиев, ардагер-журналист Серікбай Тұржан қатысып, білім саласында алғаш қолға алынған игі іске сәттілік тіледі.
Жаңадан ашылған жекеменшік бастауыш мектеп облыстағы жеке меншік төрт мектептің бірі. Аталаған білім ұясында жоғары санатты бастауыш мұғалімдері мен ағылшын, орыс тілі пәндерінің білікті мамандары сабақ береді. Мектепке ұлағатты ұстаз, М.Әуезов мектебін бірнеше жыл басқарған Сәуле Сәниқызы Әлжанова директор болып қызметке кірісті.
Білім негізі бастауышта қаланады десек мектептің алға қойған мақсаты сапалы білім беру.
Бұл мектепте әзірге бірінші сыныпта екі класс, екінші сыныпта екі класс жұмыс істейді. Барлығы 100 бала білім алады. Білім ұясы жекеменшік болғанымен оқушыларға жан басына төлеу арқылы мемлекеттік бағдарламаның серіктестік негізінде ашылғандықтан оқу тегін. Оқыту мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Ал баласын пәнге қарай сабақтан тыс уақытта тереңдетіп оқытуды қалаған ата-аналар балаларын стандартты пәндерден тыс, ақылы негізде қосымша оқытуларына болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды