Аралда балық өңдейтін 7 зауыт жұмыс істейді


2019 жылға балық аулау лимиті Кіші Арал теңізіне – 6678 тонна, Қамыстыбас көлдер жүйесіне – 335 тонна, Ақшатау көлдер жүйесіне – 23 тонна, Приморский көлдер жүйесіне – 31 тонна, сонда аудан бойынша барлық лимит 7067 тонна болып бекітілген. 

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясы, Арал инспекциясы бөлімінің мәліметі бойынша, 1 шілдеге дейінгі ауланған балық 865 тоннаны құраған. Ал аудандық статистика басқармасының жедел мәліметінде өңделген балық 1468 тонна деп көрсетілген. Балық шаруашылығының өсуіне байланысты қазірде тұрақты жұмыспен қамтылған азаматтардың да саны көбейіп отыр.

Балық аулаумен қатар оны өңдеу жұмысы да ауданда жолға қойылған. Ауданда жылдық қуаттылығы 18900 мың тоннадан астам 7 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бүгінгі күні «Арал балық өңдеу зауыты», «Арал СДО», «Камбала балық балықшылар өндірістік орталығы», «СДО Қарашалаң» ЖШС-ның балық өңдеу зауыттары балықты терең өңдеумен айналысса, «Ар-М-Кон», «Бөген СДО», «Қуаныш» шағын балық өңдеу зауыттары қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеңіл өңдеумен айналысады. Сонымен қатар ауданда Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі бар «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС балық өңдеу зауыты жұмыс істейді.

Міне, осының нәтижесінде Арал аудандық аумақтық инспекциясының есебі бойынша Ресейге – 693,25, Польшаға – 194,40, Украинаға – 79,99, Қытайға - 180, Нидерландияға - 92,82, Грузияға – 140, Әзербайжанға – 40, Германияға – 16,20 және көршілес Қырғызстанға 9,90 тонна балық экспортталған. Ал балық өсіру бағытындағы жұмыстар өте нәтижелі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды