Елордада алдағы демалыста #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы жалғасады


Акция аясында әуежайдан Қарағанды тасжолына дейінгі айналма жол бойындағы Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауы тазаланады. Осыған орай, қала әкімдігі елорда тұрғындарын, еріктілерді, қоғам қайраткерлерін, экологиялық белсенділерді және барлық мүдделі адамдарды экологиялық акцияға қатысуға шақырады.

Қатысушыларды жинау және автобустарға отырғызу 9.00-де, Б.Момышұлы даңғылы 1, «Astana Music Hall» мейрамханасының тұрағында өтеді. Акцияның басталуы 10.00-де.

Ұйымдастырушылардың айтуынша акцияға 1000-нан астам адам қатысады, олардың арасында «РОП» ЖШС, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, БҰҰДБ, «Жас Отан» еріктілері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің барлық басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері бар.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілде күні Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында қоқыс жинауға арналған экологиялық акция өтті. Елорданың су қоймаларының айналасын тазарту жөніндегі экологиялық науқан мемлекеттік органдардың да, қоғамдық ұйымдардың да, еріктілердің де, елорда тұрғындарының да, бүкіл Қазақстанның қолдауына ие болды.

Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қоянды су қоймасында өткен #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы 1200-ден астам адамды қамтыды. Оның аясында 10 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Елорда әкімдігі экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен елорданың айналасындағы су нысандарын тазартудың асыл миссиясын жалғастыру үшін экологиялық эстафета алды және 2019 жылдың 27 шілдесінде экологиялық тазарту форматында акция өткізеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды