Елордаға керуен аттанды

Screenshot_13.jpg

Жеміс-жидек пен көкөністің түр-түрі өсетін Түркістан өлкесі ауылшаруашылық өнімдерге бай өлке деп атауға болады. Мамандар биыл жер емген диқандардың арқасында өнімнің мол болғанын айтуда. Қуанышты бөліссең көбейеді демекші, жергілікті диқандар Елордаға ерекше сый жасады.  Нақтырақ айтқанда облыстан Нұр-Сұлтан қаласына жалпы құны 123,5 млн. теңгені құрайтын 243 тонна өнім тиелген керуен аттанды. 

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, керуен Нұр-Сұлтан қаласына жеткеннен соң өнімдер жәрмеңке қойылады.

Айта кетерлігі, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, ағымдағы жылдың маусым айының 22-23 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысы тауарөндірушілері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге 39 тауарөндіруші 243 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады. Олардың жалпы құны 123,5 млн. теңгені құрайды. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан 10-15% төмен бағада сатылатын болады.

Жәрменкедегі ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі - 52,5 тонна, көкөністің жалпы көлемі – 97,8 тонна, сүт өнімдері – 18,5 тонна, бақша өнімдері– 36 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі – 14,7 тонна, алма шырыны – 6 тонна, балық – 5 тонна, әсел - 2 тонна және 10,5 тонна өзге де ауыл шаруашылғы өнімдері бар.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды