Арыста тұңғыш балық шаруашылығы іске қосылды

Screenshot_14.jpg  

Балық шаруашылығы Шардарада ғана дамыған деп ойласаңыз қателесесіз. Арыста да балық өсірумен айналысатын шаруашылық бар. Ол «Дермене Агро Групп» деп аталады.  Ағымдағы жылдың мамыр айында жеке кәсіпкер Дүйсенбі Дінмұхаммед Рахымжанұлы өз қаржысы есебінен үш балық асырау бұғатының (бассейн) құрылысын бастаған болатын.

Сол құрылысы жүргізілген балық асырау бұғатының негізгі құрылысы аяқталып, үш милионға жуық тұқы «карп» шабақтарын жіберу рәсімі өтті.

Шараға Арыс қаласы әкімі М.Қадырбек, ауылдық округі әкімі Ж.Кадиев бөлім басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл ардагерлері қатысты. Шабақтар Қызылорда облысы, Арал қаласындағы қолдан балық өсіру шаруашылығынан жеткізілген.

«Дермене Агро Групп» ЖШС директоры Д.Дүйсенбі 1 жыл 6 ай мерзімде алғашқы балық өнім алуды жоспарлауда. Бір тұқы «карп» балығының ұзындығы 40 сантиметр, салмағы 800гр мен 3 килограмм аралығында болатындығын мәлімдеді.

Қазіргі таңда балық асырау бұғатында 4 азамат тұрақты жұмыс жасауда. Жеке кәсіпкер Д.Дүйсенбі аталған балық асырау бұғаты орналасқан жердің аумағынан жасыл желектер егіп көгалдандырып, абаттандыруды жоспарлап отыр.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды