Қарағанды облысы Өзбекстанды сиыр етімен қамтамасыз етуде

f22fb354e35f594fd30cb56ea701a177.jpg

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Жәке» шаруа қожалығының бордақылау алаңында болып қайтты. Өңір басшысына кәсіпорынның алдағы жоспарлары туралы айтылды.

Ірі қара мал бордақылауға арналған ауқымды алаң 2016 жылы Бұқар Жырау ауданының Үштөбе ауылдық округінде іске қосылды. 20 гектар жерге мал қоралары мен басқа да өндірістік үй-жайлар орналасқан. Кәсіпорын американдық технология бойынша жұмыс істейді. Жемдерді тарату механикаландырылған, ал суарғыштар автоматты жүйе бойынша әрекет етеді.

«Екі жыл ішінде біз өндіріс көлемін 5 500 басқа дейін өсірдік. Алдағы уақытта біз бұл көрсеткішті 10 мың басқа дейін жеткізуіміз керек. Келесі жылы қуаттылықты толық күшіне қосуды жоспарлап отырмыз - жылына 40 мың бас бордақыланған бұқаларды сатуға шығарамыз», - деді кәсіпорын өкілі Алмас Сыздықов.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша оператор ретінде «Жәке» ШҚ биыл Ресейден 5000 бас ірі қара, Польшадан 2000 бас ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр.

Кәсіпорын мал шаруашылығы өнімдерін елдің ішкі нарығына да, шетелге де сатады. Экспорттық жеткізілімдер бүгінде екі бағытта жүріп жатыр. Шаруа қожалығының өімдері Өзбекстан мен Иранға шығарылады.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды малдардың генетикасын жақсарту жұмыстары жүргізілуде. «Жәке» шаруа қожалығы мал шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жергілікті фермерлермен байланыс орнатқан.

Ерлан Қошанов өндірісті қарап, етті қайта өңдеуді дамыту қажеттігін атап өтті.

«Өңірге ет өңдеу комбинаты өте қажет. Мүмкіндіктерді пайдалану керек. Қазір «қарапайым заттардың экономикасы» жаңа бағдарламасы пайда болды, оның аясында мемлекеттік қолдау тетіктері қарастырылған», - деді облыс әкімі.

Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамыту аграрлық саланың басым бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды 2,5 есе арттыру міндетін алға қойып отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды