Жиын Бигелдинов қөшесі,12 үй мекенжайында өтетін шарада зейнетақы қорының өңірлік бөлімшелерінің мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге сағат 10:00-17:00 аралығында түрлі сұрақтар бойынша жауаптар және ақыл-кеңестер береді.
Сонымен қатар шара барысында келуші азаматтар қордың, тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің жұмысымен танысады.
Сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік салалар бойынша көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар және ақыл-кеңестер беріледі.
Жиында мына мекемелердің мамандарымен тілдесуге болады:
- «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»;
- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ;
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті;
- ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департаменті;
- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ;
- «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясының департаменті;
- Кәсіпкерлер палатасы;
- «Қазпошта» АҚ;
- «Нұр-Отан» партиясының өкілдері.
Шараға қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыра алады.