Алманың түр-түрін еккен

Screenshot_27.jpg

Тұмса табиғатымен талайды тамсандырған Төлеби ауданында қазіргі таңда   2400 гектар жеміс бағы болса, қарқынды бау көлемі 240 гектарды құрайды.   Жақында тілшілер Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округіне қарасты Абай ауылында  «Қазығұрт бақтары» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысып қайтқан болатын. Алма өсірумен айналысатын шаруа қожалығы пайдасы мол тамшылатын суару тәжірибесін енгізіпті. 

 «110  гектарға Италиядан әкелген алманың төрт сорты, яғни 270 мың көшет егілді. Өзге елдерде де осы алмаларға сұраныс көп әрі таулы ауданның ауа-райына қолайлы екен. Әр жыл сайын аздап салғанмен, үш жылдан соң 80 тоннаға дейін өнім алуға, оны эскпорттауға болады.  Мемлекеттің қолдауымен«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландыруымен жұмыс жүзеге асқан. Әрқайсысының құны 4-7 доллар тұратын көшетті науқан кезінде 180 адам жабылып еккен, қазір тамшылатып суғару күтіміне 150-дей маман жұмылуда»,-деді жауапты маманның бірі Ералы Жұманов. Баудың егесі облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Әсет Қайыпбеков. 

Одан кейін пресс-турға қатысушылар  «Ғайып Ерен-Қырық Шілтен» зиярат ету орнында 200 адамға арналып соғылған қонақ үйді аралады. Екі мезгіл тамағы, жуынатын орны бар жаңа бөлмелерге қонатын зиярат етушілер күніне 2-3 мың теңге көлемінде төлейді. Қонақ үй ауданның туризм саласына тамшыдай болса үлесін қосып тұр. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды