Уақыт үнемдейтін жоба

Screenshot_26.jpg

Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы - еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде орта мектеп үшін айрықша «мүмкіндіктер кеңістігіне» айналуда. Бұл маңызды құжат  білім ұяларының тәрбие және идеологиялық жұмыстарын жүйелеуге кең мүмкіндіктер ашады. Осы мақсатта Төле би ауданындағы мектептер «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында интернет желісі арқылы «Tolebi.bilim malimet»  жобасымен жұмыс істей бастады.  

Аудандық білім бөлімінің меңгерушісі  Роза Аманованың айтуынша  білім бөліміне керекті мектептерден жинақталатын есептерді, сауалнама, мәліметтерді интернет желісі арқылы сол мезет жолдай алады. Қағазбастылықтан арылтып, уақытты үнемдейді. Сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал етеді. Ақпаратты телефон немесе интернет арқылы кез келген ауылдан жіберуге болады. Бақылау жұмысының қорытындысы сынды білім сапасы жайлы мәліметті ұстаздар аудандық білім бөліміне әкеліп уақыт жоғалтпай, осы жоба арқылы жылдам жібере алады.  Базаға жиналған мәліметтер арқылы автоматты түрде білім сапасы есептеліп шығады.

 67 мектеп, 2597 оқушы бар ауданда интернет желісін тартуға 33 миллион  қаржы қаралған. Қыркүйектен бастап бейнебақылау қосылады. Телеграм мессенжерінде арнайы «Төле би аудандық білім бөлімінің» чаты ашылған. Ата-аналар,  мұғалімдер білім бөлімінің басшысына тікелей осы жерден сұрақ қоя алады.  Аудандағы екі мектептегі бірінші сыныптағылар  үй тапсырмасын мектепте оқуда. Бірінші сынып оқушыларының оқулықтары ауыр. Кітаптарды үйге тасығанмен, ата-анасының сабақ үйретуге уақыты бола бермейді. Сондықтан балабақшадағыдай, арнайы шкафтар дайындап соған балалардың кітаптары мен киімдері қойылады. Түскі үзілісте мектеп тек шай берсе, ата-аналарының көмектесуімен тамақтанып, түс қайта үйге берілген тапсырманы орындап үйге тапсырма да, кітап та алмай қайтады. Бұл жоба әзірге №7 және№4 мектептерде эксперимент ретінде қолданылуда. Ұстаздарға түс қайта қалғаны үшін 30 пайыз айлығына қосымша ақы төленуде. Тоқсанның соңында басқа мектептермен салыстырмалы түрде білім сапасының деңгейі анықталады. Жақсы нәтиже берсе өзге мектептерге де қолданылады деп жоспарлануда. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды