ҚХА этномәдени бірлестіктері елордада концерт өткізеді

1b588b923c3bcf976bdb68c6b19be4a6.jpg

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары 16 этномәдени бірлестік әртістерінің өнерін тамашалайды. Шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

«5 мамыр – 2 маусым аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қалалық саябақтарда Жастар жылына орайластырылған концерттер өткізілді. Алдағы гала-концертте артистердің үздік номерлері көпшілік назарына ұсынылады. Шараға «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы, «Радуга» орыс әндері ансамблі, «Вайнах» шешен-ингуш ұжымы, «Возрождение» неміс қоғамы, «Оберег» украин қоғамы, «Колхети»грузинқоғамдық-мәдени орталығы, «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестігі, «Радима» беларусь этномәдени орталығы, «Алеф» еврей қоғамы, Дала аймағы казактар одағының өкілдері, сондай-ақ, поляк, өзбек, қырғыз, ұйғыр, корей және башқұрт этномәдени бірлестіктері атсалысады», - делінген таратылған ақпаратта. 

Айта кетейік, шара халықтардың ана тіліндегі шығармашылығын дәріптеуге, елімізде тұрып жатқан этностардың салт-дәстүрлеріне құрмет көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің ұжымдарында жас таланттарды анықтауға бағытталған. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды