«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросымен білім және ғылым вице-министріне қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, пара алу, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот санкциясымен білім және ғылым вице-министріне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешім оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен сотпен шығарылады", - деді Жанна Бастарова.
Ресми өкіл Эльмира Суханбердиеваға ҚР Қылмыстық кодекстің 361, 364 және 366-баптары бойынша айып тағылғанын xабарлады.
Айта кетейік, 5 маусым күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеген болатын.
Эльмира Суханбердиеваның қандай айыптар бойынша күдікке ілінгені xабарланды
Жарнама орны (6) |