Шымкенттің 4 ауданында жастар орталығы ашылды

Screenshot_1.jpg

Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен Шымкент қаласының төрт ауданында «Жастар ресурстық орталығының» бөлімшелері ашылды. 

Қаратау ауданындағы бөлімшенің ашылуына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов, сонымен бірге «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов қатысты.

Қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ерлан Айтбаев аудандық бөлімшенің жұмыс барысымен таныстырды. Жастардың игілігі үшін пайдалануға берілген орталық 2 қабаттан тұрады және бір мезетте 50-100 жасқа қызмет көрсете алады.

Орталық негізгі 5 бағыт бойынша жұмыс жасайды: жастарға қызмет көрсету, талантты жастарды қолдау, коворкинг орталығы, шағын кітапхана, психологиялық кеңес беру. Әрбір бағыт бойынша жастар шығармашылық бастамаларын қолдауға, жас кәсіпкерлерді қолдау және несиелендіру жолдары, жұмыспен қамту, тұрғын үйге қол жеткізу, жұмыс орнын табу секілді мүмкіндіктерге ие болмақ. 

Ғимараттың орналасу жеріне де аса мән берілген, жанында 2 мектеп, 4 оқу орталығы, саябақ,  аллея,  театр, мәдениет үйі, кітапхана, аула клубы, 50 шақты көпқабатты үй бар. Мұның өзі жастармен жұмыс жүргізуге, олардың бос уақытын тиімді өткізуге қолайлы болып отыр. 

Орталықтың жұмысымен танысып, жастармен сұқбаттасқан шаһар басшысы аралау соңында «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Тоқтар Болысовпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке