Жолдау - жылдың ең маңызды құжаты!

Аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен Мемлекет басшысы Қ. Қ.К.Тоқаевтың 1-қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша аудан активімен кездесу өтті.

image.png

Актив отырысына аудандық мекемелер мен құқық қорғау органдарының басшылары, БАҚ өкілдері, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, этномәдени орталықтарының өкілдері және онлайн форматта округ пен кент әкімдері қатысты.

Аудан әкімі Түлкібас аймағының барлық бағыттағы даму көрсеткіштеріне тоқталып, Жолдаудағы жеті басты басым бағыттар мен нақты атқарылатын жұмыстарды айқындап берді.

Бұдан бөлек аудан басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі ауданымыздың экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру бойынша жұмыстарға тоқталды.

«Аудан 99,8 пайыз көгілдір отынмен (газбен), 99,8 таза ауыз сумен және 100 пайыз электр желісімен қамтамасыз етілген. 

Биыл газ құбыры тартылмаған Иірсу елді мекеніне құбыр тарту жұмыстары бастау алмақ. Аяқталған жағдайда ауданымыздың газбен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрамақ.  

Тәуелсіздік алғалы 30 жылдан бері ауданымызда ауыз толтырып айтатындай жетістіктер жетерлік. 30 жылда 28 жаңа мектеп, 40 жуық балабақша соғылып ел игілігіне пайдалануға берілген. Үш ауысымдағы мектеп жоқ. Балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр. Биыл халықтын сұранысына сай екі жаңа мектептің құрылысы басталып, екі елді мекенде халық санының өсуіне байланысты  жаңа мектеп ғимараттары пайдалануға берілді.

Биылғы жылы қуаншылыққа байланысты су көздерінің тартылуы аудан тұрғындарына ыңғайсыздық туғызғандығы белгілі. Бұл бағытта арнайы жол картасы түзіліп, аудан аумағындағы ауыз су тапшылығы анықталған елді мекендерге 6 су мұнарасы орнатылды. Алдағы уақытта жол картасына сәйкес ауыз су тапшылығы орын алуы мүмкін елді мекендерге қосымша мұнара орнату жұмыстары жүргізіледі. 

Енді біздің алдымызда ауданымыздың барлық бағытындағы көрсеткіштерін еселеп, Жолдаудағы айқындалған бағыттарды іске асыру міндеті тұр»,-деді Нұрлан Мархабатұлы.

Алқалы жиында аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Т.Алиев денсаулық саласына қатысты міндеттердің орындалуы туралы және Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Н. Әлібаев Жолдауда белгіленген білім саласына қатысты мәселелерге тоқталып, өз ойларын ортаға салды.

Жиын соңында аудан әкімі Нұрлан Байғұт алдымызда  Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы міндеттерді сапалы орындау міндеті тұрғанын айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. 

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке