ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2 тамыз күні Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қайырымды істер марафоны» жобасының «Жанға жылу» акциясы аясында еріктілері тыл ардагерлеріне азық-түлік себеттерін үлестірді.
Шараның мақсаты ардагерлер мен жастарды байланыстыру, патриоттық тәрбиені нығайту, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қалыптастыру.
Қайырымдылық шараға «Самұрық-Қазына» АҚ-ның “ҚТЖ-Жүк тасымалы” ЖШС - ГП Шымкент бөлімі филиалының жастары қолдау көрсетті. https://www.instagram.com/p/CSEqlJEjLPP/?utm_source=ig_web_copy_link