«Келесі жылдың басында жаңа реформалар енгізіледі» -Тоқаев

Келесі жылдың басында Қазақстанда жаңа реформалар пакеті жарияланады. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградаларды табыстауға арналған салтанатты рәсімде мәлімдеді. 

Тоқаев00.png

- Мемлекет басшысы келесі жылдың басында жарияланатын жаңа реформалар топтамасы туралы айтты. Бұл "халық үніне құлақ асатын мемлекет" құруға, әділет және тең мүмкіндіктер қағидаттарын бекітуге бағытталған Қазақстандағы демократиялық түрленуге тың серпін береді, - делінген Ақорда сайтында. 

Сонымен қатар, мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өткізу келесі жылдың тағы бір маңызды оқиғасы болмақ. Тоқаев алдағы сайлау жоғары азаматтық белсенділік танытып, қоғамның саяси сауатты екенін көрсететініне сенім білдірді деп жазады Sputnik Қазақстан. Сайлау науқаны қазақ мемлекеттігінің институционалдық тұрақтылығын дәлелдейді. 

Президент геостратегиялық белгісіздік жағдайында мемлекеттердің халықаралық аренадағы саяси өзімшілдігі мен экономикалық ұлтшылдығы күшейетініне назар аударды. Бүгінде халықтардың жаһандық мәртебесі көбінесе технологиялық көшбасшылық үшін болатын қатаң бәсекеде анықталады. 

- Ел дамуының сыртқы және ішкі міндеттерінің өзара үйлесімді ұштасуының маңызы артып келеді. Біз Қазақстанның шынайы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін барлық күш-жігерімізді және ресурстарымызды жұмылдыруымыз қажет. Бүгінде ұлттың шоғырлануы және әрбір азаматтың Тәуелсіздік құндылықтарына шексіз қызмет етуі өте маңызды, - деп атап өтті мемлекет басшысы. 

- Ол мемлекет көпжақты құрылымдар мен БҰҰ рөлін күшейтуге ықпал ете отырып, халықаралық қауіпсіздік жүйесін нығайту жолындағы сыртқы бағдарын жалғастыра беретінін айтты. Ұлттық мүдделерімізді қатаң ұстанып, заманауи көпжақты әлемде тиімділігін дәлелдеген үйлесімді әрі сындарлы сыртқы саясатымызды дәйекті жүргіземіз, - деп түйіндеді Тоқаев. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке