Коронавирустан сақтанудың қарапайым ережелерін білесіз бе?

Screenshot_2.jpg

Түркістан облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық күшейді. Індет қайта белең алған жағдайда дәрі тапшылығы болмас үшін екі айлық қор жиналып, облыс ауруханалары тыныс алу аппараттарымен қамтылуда. Қосымша төсек-орындар қажет болған жағдайда оның санын 5,5 мыңға дейін жеткізіледі.  Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов баяндады.  Өңірдің бас дәрігерінің айтуынша облыс басшысының тапсырмасымен аудандық ауруханалар компьютерлік томографпен, ПТР зертханаларымен және цифрлық рентгендермен жабдықталған. Өкпені жасанды желдету аппараттары мен оттегі концентраттары да әр аудандағы емдеу мекемелеріне таратылған. 12 жылжымалы медициналық кешен аудандарға жеткізілуде. Науқастарды дер кезінде анықтап, қызмет көрсету мақсатында арнайы учаскелер мен мобильді топтар құрылған. Түркістан облысы Полиция департаменті өңірдің Бас санитарлық дәрігерінің облыста қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу қаулысына сәйкес күшейтілген түрде жұмыстар атқаруда. 

  Осы орайда мамандар  коронавирустан қалай сақтану керектігін ескертті. Ең алдымен әр адам жауапкершілікті өзінен бастап, мынадай санитарлық талаптарды сақтап жүрген жөн. 

- Қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу.  Микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі. Медициналық спирт те қолдануға жарайды. Егер спиртке аллергия бар болса, санитайзерді пайдаланыңыз;

- Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;

- Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады;

- Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;

- Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;

- Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;

- Іссапардан бас тартып, әлем бойынша саяхатты шектеңіз;

- Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;

- Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;

- Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;

- Бөлмені жиі желдетіңіз;

- Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;

- Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;

- Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;

- Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.

- Салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке