Үндістанда соңғы бір тәулікте 15 мың 900-дан астам адам вирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Жалпы елде науқастар саны 461 мыңнан асып кетті. Науқастардың үштен бір бөлігі Махараштра штатынының тұрғыны. Сондай-ақ Нью-Дели және Тамилнад штатында да эпидемиологиялық ахуал мәз емес. Жергілікті билік өкілдерінің болжауынша, тек Нью-Делидің өзінде шілде айының соңында науқастар саны 550 мыңнан асып кетуі мүмкін. Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, Үндістан коронавирусты жұқтырғандардың саны бойынша әлемде төртінші орында тұр.