Шымкентте синтетикалық есірткі сатқан интернет-дүкен анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті интернет ойынханалар мен заңсыз тауарлар өткізумен айналысатын интернет-сайттарды анықтауға бағытталған жұмыс барысында есірткі және психотроптық заттар сатумен айналысқан интернет-дүкенді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте синтетикалық есірткі сатқан интернет-дүкен анықталды

Аталған факті бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне өтініш жолданып, нәтижесінде 9 маусымда «интернет-дүкеннің» қызметі ҚР аумағында бұғатталды. Айта кетерлігі, 2019 жылы департамент 15 «интернет-ойынхана» және «синтетикалық есіркі» сатқан 3 веб-ресурсты анықтап, жойған болатын. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, интернет-ресурстардың мониторингісі тұрақты негізде жүргізілуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды