42 500 теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеуге қатысты ештеңе өзгерген жоқ. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Құрметті достар, бірнеше сағаттан бері адамдар әлеуметтік төлемдер (42,500 теңге) байланысты тағы да алданып қалғаны және ресми жұмыс істемейтіндердің шетте қалғаны туралы жазбалар жарияланып жатыр (авторлары - Хайруллин Арман, Мика Хорошая және басқалар). Мысалы, "Белден төмен деңгейде ұят?.." деген пжазбада автор еңбек министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі еңбек министрлігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы бұйрығына өзгерістер енгізілген бұйрығын талдайды. Яғни, бұл менің бұйрығым туралы, түсіндіруге рұқсат етіңіздер", - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
Ол жазба авторының қателескенін атап өтті.
"3 сәуірдегі бұйрықта осы бөлікте тек бір жаңалық бар - коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері қосылды (соның ішінде ұлттық кооперативтер қауымдастығы мен ҚР экономикалық қоғамдастықтарының басқа да нысандарының үндеуі болды)", - деп түсіндірді Нұрымбетов.
Оның айтуынша, автор келтірген нормалар бөлігінде ештеңе өзгермеген.
"Барлығына, жалдамалы қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (ЖК, АҚС, ТЖ, БЖТ төлеушілері) төтенше жағдай жариялау кезеңіне дейін соңғы 12 ай ішінде ең болмағанда бір әлеуметтік аударымын алуы міндетті. Бұрын да солай еді ғой? Ал бейресми, ресми емес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, олардың әлеуметтік аударымдар болмағанына байланысты (сондықтан оларды ресми емес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп атаймыз), біз олардың қазір алғаш рет БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) төлеуі жеткілікті деп айттық. Бұрын да солай емес пе еді?", - деді ведомство басшысы.
Оның жазуынша, барлығы сол қалпында қалды және бұл тәртіп 3 сәуірдегі түзетулерде өзгерген жоқ.
"Бұған осы тармақтардың мәтіндерін 2020 жылғы 26 наурыздағы бұйрықтың мәтінімен салыстыру арқылы көз жеткізуге болады (түпнұсқа бұйрық)", - деп жазды Біржан Нұрымбетов.
Ол авторларға жауап бере отырып, заңда көрсетілген мәтіндерді қарапайым тілмен жазғанын атап өтті. Ал авторлар заң түрдегі мәтінді жазбаларында келтірген.
"Барлық оқырмандар үшін тағы да айта кетейін, БЖТ төлеушілеріне қатысты ешқандай өзгерістер 3 сәуірдегі бұйрықта болған жоқ",- деп қорытындылады Нұрымбетов.