Министр: «Әрбір 17 минут сайын бір адам қайтыс болып жатыр»

Коронавирус әлемде өршіп тұр. Бүгінгі таңда 600 мыңнан астам жұқтырған. Өлім көрсеткіші де жоғары. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтты деп хабарлайды Baq.kz

f6373ebcf05c6914d76112ecbd34232a.jpg

- Төтенше жағдай кезінде карантин режимін сақтап отырған сіздерге алғыс айтамын. Әрине,карантин режимін бұзған біраз жайттарды анықтап жатырмыз.Біздің мақсат үрей туғызу немесе қорқыту емес. Алайда каратин режимін сақтаудың өте маңызды екенін еске саламыз.Жағдай күрделі, бірақ денсаулықтан қымбат не бар ағайын!, - дейді Дәурен Абаев. Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлемде осы дертпен ауырғандардың саны 600 мыңнан асқан. - Вирустың қалай өршіп жатқанын көріп отырған боларсыздар. Мысалы, Ныю-Йоркта әрбір 17 минут сайын бір адам қайтыс болып жатыр. Әлемде осы дертпен ауырғандардың саны 600 мыңнан асты. Өлім көрсеткіші - 4,6 %. Бұл өте жоғары деп есептеледі. Бізде соңғы тәулікте төтенше жағдай  режимін бұзған үшін 124 адам жауапқа тартылды. Заңсыз сатылып жатқан 40 мың маска мен 2000 литр антисептик табылды, - дейді министр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке