Қызылорда облысының әкімі болып Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
"Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Президенттің бұйрығында.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.
Бұған дейін Желіде Қуанышбек Ысқақов ұсталды деген хабарлама тараған болды.
Хабарламада экс-әкім, оның көмекшісі, бизнесмен туысы және тағы бір кәсіпкердің ұсталғаны туралы айтылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ.