Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 "Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы "Жарлығы аясында" Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов салалық кәсіподақтар басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын, деп хабарлайды Infomedia.kz.
Осы орайда, "YNTYMAQ" салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев кәсіподақ құрамындағы "Shymkent Bus" ЖШС-і автобустарына жасалатын санитарлық алдын алу шараларын тікелей бақылауына алды.
Кәсіподақтар "Shymkent Bus" ЖШС-інде қызмет ететін еңбеккерлер мен қала ішінде қатынайтын жолаушылардың денсаулығы үшін алаңдаулы. Сондықтан да, дәрілеу (дезинфекциялау) жұмыстары әр айналым сайын жасалуда. Күніне 4-5 рет жасалатын профилактикалық жұмыстардың басы-қасында табылып жатқан кәсіподақтар осылайша ел алғысына бөленуде.