Елімізің кен орындарында қазба байлықтар сарқылуда

Елімізде 10-15 жылдан кейін кейбір қаза байлықтардың ізін де көрмеуіміз мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Infomedia.kz. 

Нұрқазған_карьері.jpg

Телеарнаның мәліметінше, жалпы республика бойынша бүгінде 8 мыңнан аса кен орны бар.

Елімізде тау-кен өндірісін дамытуға жыл сайын 6-7 млрд теңге қарастырылады екен. Бірақ вице-министр Санжар Жәркешов бұл ақша осы саланың дамуына мүлдем жеткіліксіз дейді. 

"Ашып айтқанда жылына 6-7 миллиард теңге геология саласына бөлінеді. Өте аз қаржы. Біздің ауқымды жұмысқа бұл ақшамен белгілі бір жетістікке жету, жаңа өндіріс орындарын ашу өте қиын", - дейді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жәркешов.

Қазірдің өзінде, телеарнаның мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында жабылған өндіріс ошақтары кездеседі. Кей аймақтарды тек инвесторлар сақтап тұр дейді геолог мамандар.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке