Коронавирус. Қаза болғандар саны 1775-ке жетті

Бүгінгі ресми мәліметтерге сүйенсек күллі әлем бойынша коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың жалпы саны 71 326 адамнан асты,. Ал, қаза болған құрбандар саны - 1775 адам. Тағы 10 610 науқас ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Infomedia.kz.

544ff1cb84814872a25586bb4f0a5855.jpg

Өлімнің басым көпшілігі және жұқтырудың расталған жаңа жағдайлары Қытай аумағында, атап айтқанда инфекция ошағы орналасқан Хубей провинциясында тіркелген. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебрейесус "бұл індеттің қай бағытта дамитынын болжау мүмкін емес" деп мәлімдеді. 

"Қытай біз үшін біраз уақыт берді, бірақ біз қанша екенін білмейміз. Ең бастысы, бұл вирус Денсаулық сақтау жүйесі әлсіз елдерде қалай дамитынына алаңдаймыз", - деді ол.

Сонымен қатар, коронавирусты Жапонияның жағалауларында орналасқан Diamond Princess круиз кемесінде 40-тан астам америкалықтың жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы CBS News телеарнасының эфирінде ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаучи мәлімдеді.

Жексенбіде, Мемлекеттік департамент қызметкерлері америкалықтарды Diamond Princess бортынан эвакуациялай бастады. Зарарланған америкалықтар ешқайда бармайды. Олар Жапониядағы ауруханаларға жеткізіледі екен.

"Белгілері анықталған адамдар эвакуация жүргізетін ұшаққа кіре алмайды. Басқаларды АҚШ-тағы ӘӘК базаларына дереу көшіріледі", - деп мәлімдеді Фаучи.

2019-nCoV коронавирусынан (ресми атауы - COVID-19) пайда болған белгісіз пневмонияның өршуі туралы Қытай билігі 2019 жылдың 31 желтоқсанында жариялады. Коронавирус ошағы Ухан қаласында (Хубей провинциясы) орналасқан. Ауру тез таралады. ДДСҰ бұл індетті халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды. Бірқатар сарапшы вирус әлем халқының үштен екісіне жұғуы мүмкін деп болжап отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке