Қазақстан мен Ресей үкіметаралық комиссиясының XXI отырысында екі ел аумағында қазақ және орыс тілін меңгеруге қолайлы жағдай жасау туралы келісім жүрді. Бұл туралы интеграция және сауда вице-министрі Қайрат Төребаев айтты. деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Біз Қазақстан орыс тілін, ал Ресейде қазақ тілін үйренуге қолайлы жағдай жасауға келістік", - деді Қайрат Төребаев.
Қос тарап білім, ғылыми зерттеулер және инновациялар саласындағы әріптестіктің жол картасын әзірлеуді жоспарлап отырғанын да атап өтті.
"Екі ел арасында студент алмасу жалғасады. Ресейдің ұсынысы бойынша Қазақстан-Ресей университетін саламыз. Бұл жақсы ұсыныс. Жан-жақты зерттейтін боламыз", - деді ол.
Ресейдің жоғары білім және ғылым министрінің орынбасары Марина Лукашевич Қазақстан Ресейдің жетекші ЖОО-ның филиалдарын ашуға мүдделі екенін атап өтті.