Таиландтық 25 жастағы жігіт жатар алдында смартфонмен онлайн ойын ойнап мерт болды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Састра Моин 27 қыркүйек күні кешке, әдеттегідей бірнеше құрылғымен ойнаған. Ал таңертең оның денесін әпкесі тауып алған, ол бірден бүкіл үйді электр қуатынан ажыратып, полиция шақырыпты.
Полицейлер адамның үйін ешкім бұзып кірмегенін анықтады және оның денесінен зорлықпен өлтіру белгілерін таппады. Осыдан кейін жігітті тоқ соққан деген қорытындыға келген.