Арыста «Мектепке жол» акциясы өтуде

68634181_944877575845286_1247262608747134976_o.jpg

Арыстағы «Лидер» балабақшасында жаңа оқу жылының алдында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті. Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Акцияның мақсаты – оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қажетті білім алуына көмектесу.

Акция аясында Арыс қаласындағы білім ошақтарындағы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 120 балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен киім-кешектер үлестірілді. 

Акцияға Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Ұ.Сәдібеков, облыстық мәслихат депутаты, Түркістан облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы, Шымкент қалалық «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Ж.Білісбеков, Бәйдібек ауданының әкімі Б.Танагөзов, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сәрсенбековтер қатысып, атсалысты. 

Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Жалпы «мектепке жол»акциясы Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында өтіп жатыр. 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке