Ордабасыда 36 мал бордақылау алаңы іске қосылды


 67920373_1084471288429573_6866133529126764544_n.jpg

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қаңтар-маусым айларында Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі – 12 млрд. 951 млн. 500 мың теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 537 млн 500 мың теңгеге артты. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметің хабарлады. 
2019 жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, ірі қара мал – 6,1%-ға (80 632 бас), қой – 1,7%-ға (451 859 бас), ешкі –2,0%-ға (21 504 бас), жылқы тиісінше – 4,8%-ға (24 525 бас), түйе саны – 29,3%-ға (785 бас) өсті. 
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша – 413 бас ірі қара мал; «Алтын асық» бағдарламасымен – 2 077 бас уақ мал; «Құлан» бағдарламасымен – 113 бас жылқы алынды.
2019 жылы 35 мал бордақылау алаңын ашу жоспарланып, қазіргі таңда 36 алаң ашылып, мал бордақылауды бастады. 26 шағын жанұялық сүт фермалары іске қосылды. Бөржар ауыл округінде «Сабыр» шаруа қожалығы «ФудМастер-Шымкент Компания» ЖШС-мен келісім-шарт түзіп, тәулігіне - 1,0 тн сүт қабылдайтын бекет ашты. 
«Ораз» шаруа қожалығы 15 мың басқа ыңғайластырылған, етті бағыттағы құс фермасын, жеке кәсіпкер Рзаев Полатхан 1500 бастық асыранды қаз өсіру нысанын іске қосты. 
Мал шаруашылығы өнімінің экспорттық әлеуетін дамыту.
2019 жылға экспортталатын ірі қара мал еті – 300 тн, қой еті – 200 тн және құс еті – 3000 тн жоспарланған.
Бүгінгі таңда 178,1 тонна қой еті мен 1 193,5 тн күрке тауық етінің өнімдері және 93 бас жылқы экспортталды.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке