Тазалық - туризм саласының дамуының алғышарты

Screenshot_3.jpg

Тазалық - туризм саласының дамуының алғышарты десек болады. Шетелден келетін туристер өте кірпияз болады. Олар саяхаттап барған жерлерінен ең бірінші кезекте тазалықты талап ететіні белгілі. Қала көшелерінде қоқыстар оңды-солды шашылмай, айнадай тап-таза болып тұрса кез-келген жан қуанады емес пе? 

Жақында Финляндиялық қоқысты қайта өңдеуде әлемдік озық технологияны пайдаланатын «МариМатик» концерні Түркістан қаласының басшылығымен кездесіп, ауқымды жобаның аясын талқылады. 

- Автоматтандырылған жүйемен тұрғындар үшін ыңғайлы орындарға (қоғамдық және тұрғын үй массивтеріне) қойылған жәшіктерге түскен қалдықтар құбырлар арқылы орталық станциядағы контейнерлерге нығыздалып, контейнерлер қоқыс тасымалдағышпен өңдеуге жөнелтіледі. Бұл жүйеде электр қуатын үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар үшін тиімділік сияқты барлық аргументтер ескерілген. Сондықтан да бұл жоба туристер қабылдаудан озық елдерде, атап айтсақ, Арабияда, Ресейде, Финляндияда жүзеге асырылған, - деді «МариМатик» компаниясының директоры Вакалова Валентина.

Жоба жетекшілерінің толық ұсынысын тыңдаған қала басшысы Рашид Аюпов қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен бас архитекторға осы жобаны жүзеге асыруға болатын қолайлы орындарды қарастырып көруді тапсырды.  

Қала басшысы тарапынан бұл жобаны пилоттық жоба ретінде немесе жеке меншік әріптестік негізде жасап көру ұсыныс ретінде айтылды. Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде дамыту бағыты қарастырылып жатқан Түркістан қаласында осындай инновациялық тиімді жобаларды жүзеге асыруға жаңа әкім Р.Аюпов қашанда ниетті. Себебі қазіргі таңда қаланың тазалығын реттеу ең бірінші орында тұр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке