Жергілікті тұрғындарды туристерге мейірімді болуға шақырды

Screenshot_5.jpg

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов өзінің жұмысын қаланы аралап, мәселелерді көзбе-көз көрумен бастады. Осы арқылы мәселелер дер кезінде шешімін табатын болады.  

Сонымен, бірінші кездесу Бекзат мөлтек ауданының тұрғындарымен өтті. Р. Аюпов оларды қаланы дамыту жөніндегі жоспарларымен таныстырып, Түркістанды бірге көркейтуге шақырды. Тұрғындар әкімге өздерін толғандырған мәселелер туралы айтып, қаланы жақсарту жөнінде тілектерін білдірді. Негізгі мәселелер аурухана, мектеп құрылысы, қоқыс шығару және жолдарды жөндеу бойынша болды. 

Қала əкімі өз кезегінде мөлтек аудан халқымен келесі жүздескенде нақты мəлімет берілетінін жəне жастарды əлеуметтік желілерде де ашық пікір білдіруге шақырды. Сонымен бірге, алдағы уақытта туризм саласына көңіл бөлінетінін және тұрғындарға көңілді орта қалыптастыру үшін гүл саябағы, ғаламтор қосылған жастар саябағы және егде жастағылар үшін шахмат сынды түрлі ойындар ойнап, уақыт өткізетін қарияларға арналған саябақ салынатынын жеткізді. Ал, 1-тамыздан бастап қала көшелеріне жалпы саны 5000 бейнебақылау камералары орнатылатынын айтып:

– Түркістан -Түркі әлемінің астанасы, облыс орталығы, туристерді тарту орталығы. Бұл дегеніміз, біз енді бұрынғыдай өмір сүре алмаймыз дегенді білдіреді. Сананы өзгерту керек. Қалаға өз үйіміз ретінде қарайық, бір-біріңізге және туристерге мейірімді болыңыздар. Бұл өмірді қалай сүріп, артымызда қандай із қалдыру – бұл өз таңдауымыз", - деп сөзін қорытындылады. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке